2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстандықтар бір жылда банкоматтар арқылы 27,3 трлн теңге шешіп алған

Қолма-қол ақшасыз есептесу өскеніне қарамастан, қолма-қол ақша да өз позициясын бермей келеді.

Банкомат
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәліметінше, 2025 жылы қазақстандықтар банкоматтар арқылы 27,3 трлн теңге шешіп алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Қолма-қол ақшасыз есептесудің белсенді дамуына қарамастан, елде қолма-қол ақшаға сұраныс жоғары күйінде қалып отыр.

Бір жыл ішінде карталар арқылы жасалған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 13%-ға өсіп, 186 трлн теңгеге жеткен. Алайда мұндай төлемдердің үлесі сәл ғана ұлғайған, яғни 86,7%-дан 87,2%-ға ғана артқан. Сарапшылар мұны ірі қалаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кемеліне жетіп қалғанымен, сондай-ақ кейбір төлемдердің әлі де қолма-қол жүргізілуімен байланыстырады.

Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі де өсіп, 4,7 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық.

Бұл цифрлық төлемдердің әзірге қолма-қол ақшаны толық ығыстыра алмай отырғанын көрсетеді.

Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құрылымы біртіндеп өзгеріп келеді. QR арқылы төлемдердің үлесі 9,8%-дан 10,3%-ға дейін өсті, ал POS-терминалдар арқылы төлемдердің үлесі айтарлықтай өзгермей, 9,5%-дан 9,6%-ға ғана артты. Интернет-төлемдер әлі де негізгі үлесті иеленгенімен, олардың үлесі аздап төмендеп, 80,7%-дан 80,0%-ға түскен.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті