Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстандықтар Айды айнала ұшатын миссияға өз есімін жібере алады

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі 2026 жылғы 23 қаңтарда жаңа әрі ерекше бастаманы жариялады.

Ай
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Бұл бастама NASA жүзеге асырып жатқан Artemis II миссиясы аясындағы Send Your Name Around the Moon атты халықаралық акциямен байланысты.

АҚШ елшілігі қазақстандықтарға Айды айнала ұшатын миссияға өз есімін жіберуді ұсынды.

Арнайы интернет-платформа арқылы өз есіміңізді жіберсеңіз, ол ақпарат SD-картаға жазылып, Айды айнала ұшатын ғарыш сапарына жолданады.

Акцияға қатысу үшін атыңызды NASA-ның Artemis II миссиясына арналған ресми сайтта тіркеу жеткілікті.

Artemis II миссиясы 2026 жылдың сәуір айынан кешіктірілмей Флорида штатындағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығының 39-ұшыру кешенінен ғарышқа ұшырылуы жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда