USD
USD
USD

Қазақстандықтар әскери дайындықтан тұрғылықты жерінде өте алады

Мәжіліс әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Жауынгер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түзетулерге депутаттар бастамашы болды. Ол азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің кешенді жүйесін құру, осы жұмысқа барлық мемлекеттік орган мен ұйымдарды тарта отырып, олардың қызметін үйлестіру мақсатымен әзірленді. Құжат 2024 жылғы 6 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра отырып, азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын арттыруға бағытталған. Оның аясында білім беру ұйымдарындағы әскери дайындық жетілдіріледі. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларына міндетті әскери қызметін өтеу туралы талаптар күшейтіліп, әскери кафедраларда сабақ беретін әскери қызметкерлердің мәртебесі белгіленді.

Білім беру ұйымдарында, оқушылар сарайларында, әскери бөлімдерде жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтар, үйірмелер қосымша білім беру аясында өз қызметін жүзеге асыра алады. Сонымен қатар әскерге шақыруға дейінгі дайындық бойынша қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша оқитын тұлғалар «жас айбын» мәртебесін алады.

Сонымен қатар әскери қызметтің де беделі артады. Енді әскери борышын өтеуге міндетті Қазақстан азаматтары әскери дайындықтан емес, тұрғылықты жері бойынша әскери дайындықтан өте алады. Әскери есепке алу автоматтандырылып, азаматтарды әскери қызметке шақыру жетілдіріледі. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату негіздері оңтайландырылады. Осылайша, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жасақталуы ұлғайтылады.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясындағы функциялары Қорғаныс министрлігіне беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар