Қазақстандықтар әлеуметтік көмекті «әлеуметтік әмиян» арқылы алады
Мәжіліс қабылдаған «Пошта туралы» заңға енгізілген түзетулер жаңа цифрлық жүйе – әлеуметтік әмиянды енгізуді де реттейді.
Алматы, NEGE. Ол жеке тұлғаларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға арналған. Пилоттық режимде әлеуметтік әмиян қазірдің өзінде республика бойынша 2000 мектеп оқушысының ыстық тамағына кеткен шығындарды өтеу бойынша жұмыс істеп жатыр. Оған емханалардағы дәріханалар қосылды, тұрмыстық газдың құнын субсидиялау тетігі сынақтан өтуде.
Түзетулер күшіне енгеннен кейін барлық мемлекеттік қолдау шарасы осы жүйеден өтеді. Бұл ваучерлік қолдау жүйесін енгізуге, атаулы көмек пен оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң сонымен қатар кеден брокерінің жұмысы үшін пилоттық жобаның мерзімін ұзартады. Бұл – пошта операторы ұсынатын кедендік брокер арқылы халықаралық сауда алаңдарында тауарларды сатып алу кезінде пайдаланушыларға кедендік рәсімдерді үйден шықпай-ақ аяқтауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті