USD
USD
USD

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) – шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қатысушы елдердің қатарына енгізілді.

Оңтүстік Корея
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланған. 

«Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ Қазақстанда корей тілі бойынша тест тапсыратын EPS-TOPIK орталығын ашу сияқты бірқатар ұйымдастыру шараларын аяқтау қажет», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан Е-9 жүйесіне қатысушы 18-мемлекет болды. Бүгінде бағдарламаға Қазақстаннан бөлек Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азиядан Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да осы жүйеге енген.

Қазақстанды EPS жүйесіне қосу жұмысы 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтарды іріктеу мен даярлауға мүмкіндік беретін қажетті барлық рәсімдер кезең-кезеңімен орындалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер