USD
USD
USD

Қазақстандықдық бизнесмен Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қаржылай қолдау көрсетті деген күдікке ілінді

Қырғызстан билігі Қазақстан азаматы Камалутин Халиковқа іздеу жариялады, деп хабарлайды 24.kg.

Камалутин Халиков
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қырғызстанның ҰҚК дерегінше, ол Қарағанды облысы бокс федерациясының президенті, құрылыс саласында активтері бар, бұған дейін Қазақстан аумағында ОҚТ ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және Қырғызстаннан Қазақстанға тауарды контрабандалық жолмен тасумен айналысқан.

Тергеу мәліметінше, Камалутин Халиков қылмыстық топ жетекшісі Камчыбек Асанбектің (Камчы Көлбаев) кісі өлтіру, адам ұрлау және қылмыстық қауымдастық ұйымдастыру бойынша бірнеше рет сотталғанын біле тұра, онымен байланыс орнатып, Қырғызстанда ортақ бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін қамқорлығын алуды көздеген.

Сондай-ақ Камалутин Халиковтың Камчыбек Асанбекпен Ыстықкөл облысындағы «Барс» демалыс орнында бірнеше рет кездескені атап өтіледі.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова