USD
USD
USD

Қазақстандық жас теннисшілер чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстардың чемпионы атанды.

Қазақстандық жас теннисшілер чемпион атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Душанбе қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде Виталий Зацепин абсолютті жеңімпаз болды.

Қарағандылық теннисші жекелей сында финалда ресейлік Максим Гончаровты ойсырата ұтты - 6:2, 6:1. Ал жұптық сында сингапурлық Максимус Вонгпен бірге финалда ресейліктер Мират Аминев - Карим Газизовты тізе бүктірді - 6:2, 6:1.

Оңтүстік Африка Республикасында супер санат бойынша ITF жарысында қазақстандық жасөспірімдер табысты өнер көрсетті. Жанель Рүстемова жұптық сында франциялық Ярослава Барташевичпен бірге финалда бельгиялық Софья Костулас - мажарстандық Луча Удвардиге жол берді - 0:6, 3:6. Жекелей сында үш қазақстандық ширек финалға дейін жетті. Аружан Сағындықова төрт сағатқа созылған матчта жасөспірімдер арасында әлемнің 3-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласқа есе жіберді - 7:5, 4:6, 4:6. Кейін Костулас осы жарыста үздік шықты. Сандуғаш Кенжебаева да әлемнің 14-ракеткасы, франциялық Ярослава Барташевичке қатты қарсылық көрсетті - 2:6, 6:4, 5:7. Максим Батютенко жарақатына байланысты ширек финалдық бәсекесін аяқтай алмады.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар