USD
USD
USD

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Албанияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бір апта бұрын өткен осындай турнирдегідей, Кристина Крученко абсолютті чемпион болды.

К.Крученко жекелей сында финалда италиялық Дилетта Д'Амачионы 2:6, 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал жұптық сында Линара Бөлешевамен бірге доданың бірінші ракеткалары, италиялықтар Людовика Газалино – Дилетта Д'Амачиодан басым түсті – 6:3, 3:6, 13:11.

Испанияның Палманова қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Тennis Еurope турнирінде Әмина Нұрмахан финалға дейін жетті.

Ол соңғы бәсекеде ғана бірінші ракетка, нидерландылық Пиппе Фенниске есе жіберді – 6:7, 5:7.

Өзбекстанның Учкун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF World Juniors Tour жарысы аяқталды. Мұнда жұптық сында бас жүлде үшін қазақстандықтар таласты.

Анастасия Крымкова мен Сәтима Төреген Іңкәр Дүйсебай – Әдемі Аманкелдіден 0:6, 6:1, 10:7 есебімен айласын асырып, чемпион атанды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе