Қазақстандық жас спортшы әлем чемпионы атанды
Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Борис Букатка жасөспірімдер мен юниорлар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды, деп жазады prosports.kz
Алматы, NEGE. Жарыс Румынияның Орадя қаласында өтті. Додада 33 елдің спортшылары бәсекелесті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 18 жастағы Борис Букатка 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Жалпы нәтижесі 540 кг құраған қарағандылық алтын алды. Ол барлық түрлер бойынша бірінші орынға ие болды: скват – 205 кг, пресс – 130 кг, дедлифт – 205 кг. Жеңімпаздың тәлімгері – Қарағанды облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы Ирина Дейнека.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды