USD
USD
USD

Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден әлем чемпионатының "А" дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан жастар құрамасы топтағы бірінші ойынды жеңіспен бастады. Отандастарымыз мажар елінен келген замандастарын 5:2 есебімен айқын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Будапеште өткен ойында Қазақстан жастар құрамасы сапында Дәулет Нұркенов (4-минут), Егор Смольянинов (13-минут), Артем Авдеенко (49-минут), Всеволод Логвин (53 және 58-минуттар) шайба соқты. 

Жас хоккейшілеріміз екінші ойынын бүгін Данияға қарсы өткізеді. Скандинавия елінің өкілдері алғашқы ойында Францияға жол берді. 

Топта отандастарымыз Венгрия мен Даниядан бөлек Франция, Жапония және Австрияға қарсы ойнайды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова