USD
USD
USD

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

 Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17 желтоқсанда Қытайдың Президенттік стипендия иегері атанған. «Қытайдың ең үздік студенті» дәрежесін алу Қытай студенттерінің өзіне де сирек бұйыратын дүние. Ол үлкен еңбекті қажет етеді. Қытайға алғаш келгенімде пәкістандық жігіттің осы дәрежені алғанын көріп, қазақ студенттерінен ешкім алмағанын естіп, «Жүлде, күт мені» деген едім. Айтқанымдай биылғы жүлде маған бұйырыпты», - деп жазды Жаннұр Ниязбекова.

Оның айтуынша, осыдан 3 ай бұрын «Қытайдың үздік студенті» жүлдесіне құжат қабылдау басталған. «Чен деген мұғаліміміз Жаннұр сен де тапсыр, бағыңды сына, жеңесің, өзіңе сен деп маған құжат тапсыртты. Біздің университеттен барлығы жеті студент тапсырдық, ішінен мен және бангладештік студент екеумізді Бейжіңдегі оқу бөлімі таңдап алыпты. Рақмет саған туған жерім, рақмет саған туған елім, рақмет саған Қазақ елім», - дейді Ж. Ниязбекова. Жаннұр Ниязбекова келесі жылы Қытайда докторлық диссертациясын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер