USD
USD
USD

Қазақстандық волейболшылар Жапониядан жеңілді

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы плей-офф сатысында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық волейболшылар Жапониядан жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық волейболшылар Жапония құрамасымен кездесті. Ойын барысында олар қарсыласына 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасы 4 қыркүйекте Үндістанмен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен, Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6) есебімен жеңсе, одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.

Құрлықтық дода 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза