USD
USD
USD

Қазақстандық велошабандоз «Tour de France» кезеңінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық «Astana Pro Team» велоклубының капитаны, колумбиялық велошабандоз Мигеаль Анхель Лопес «Tour de France» көпкүндігінің 17-кезеңінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық велошабандоз «Tour de France» кезеңінде жеңімпаз атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ҚазАқпарат велоклубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Жарыстың бұл сатысы корольдік кезең деп аталады. Көпкүндіктің 17-кезеңі Гренобль және Мерибель Коль де ла Лоз аралығында өтті. Велошабандоздар 170 шақырымды артқа тастады. Жарыстың аталған сатысында жеңімпаз атанған Лопестің көрсеткіші - 04:49:08. Ол словениялық Примож, Рогличті 15, Біріккен Араб әмірлігінен келген Тадей Погачарды 30 секундқа артқа тастады. Естеріңізге сала кетелік, көпкүндік 1903 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Халықаралық деңгейде Қазақстан намысын қорғап жүрген «Astana Pro Team» велоклубы оған 2007 жылдан бері қатысады.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.