USD
USD
USD

Қазақстандық велошабандоз Италиядағы велокөпкүндікте үшінші орын алды

  Қазақстандық велошабандоз Вадим Пронский Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Astana Qazaqstan Team командасының баспасөз қызметі.

Қазақстандық велошабандоз Италиядағы велокөпкүндікте үшінші орын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вадим Пронский мәресі Монте-Граппа шыңына белгіленген жарыстың екінші, яғни таудағы кезеңінде үшінші орын алып, жалпы есепте жүлделі орыннан көрінді. Қазақстандық спортшы итальяндық «Адриатика-Ионика» велокөпкүндігінің ақтық кезеңінде екінші жыл қатарынан үздік үштікке еніп отыр. Astana Qazaqstan Team командасы жарыстың соңғы екі кезеңінде жеңіс үшін бар күшін салды.

Кеше Антонио Нибали алдыңғы топтан қара үзбей, алтыншы болып келді. Бүгін Мануэле Боаро жеңіс үшін күресті жалғастырып, төртінші болып мәре сызығын кесті. Вадим Пронский Astana Qazaqstan Team командасының қолдауымен ақтық кезеңде нәтижені өз пайдасына шешу үшін жарыстың соңғы үш кезеңінде үнемі шабуылдаумен болды. Алайда үздіктерден озу мүмкін болмады және қорытынды есеп өзгеріссіз қалды: италиялық Филиппо Зана жарыс жеңімпазы болды, Натнаэль Тесфатсион екінші келді, ал Вадим Пронский үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова