Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандық вакцинаның артықшылығы неде?

Ертеңнен бастап елімізде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салына бастайды.

Қазақстандық вакцинаның артықшылығы неде?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірге ел өңірлеріне екпенің 50 мың дозасы жеткізілді. Отандық вакцинаның артықшылығы неде? Елімізде коронавируске қарсы вакциналау ақпанның бірінде басталып кетті. Бүгінге дейін азаматтарыға ресейлік «Спутник Ви» екпесі салынған болатын. Ал ертеңнен бастап, отандық QazVac вакцинасы егіле бастайды.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестрінде тіркелген. Ғалымдар екпені жасау үшін соңғы 60 жыл ішінде зерттелген әрі қауіпсіз компоненттерді қолданды. Құрамында инактивті вирус бар. Ал ресейлік «Спутник Ви» екпесіндегі вирус белсенді.

Отандық вакцина жасушалық иммунитетті қауіпсіз түрде қоздырады. Оны арнайы тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Екпені жеткізу үшін күрделі қондырғылар қолданылмайды. Температурасы 2-8 градустық техниканың болғаны жеткілікті. Клиникалық зерттеулердің нәтижесінде «QAZVAC» вакцинасының бірінші компонентін алғандарда вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болатыны анықталды. Екінші рет екпе салынған соң оның  деңгейі тұрақты түрде өсетіні дәлелденді. 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық