Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандық вакцина өндіретін зауыт маусым айында іске қосылады

 Отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың сынамалық қосылуы маусым айына белгіленген.

Қазақстандық вакцина өндіретін зауыт маусым айында іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының қабылдауында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы төрт айдағы даму қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен Қордай ауданындағы ахуал жөнінде баяндалды. Бердібек Сапарбаев қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп көрсеткіші 107,1 пайызға, ауыл шаруашылығы 103,2 пайызға, құрылыс 110,3 пайызға артып, өңірге құйылған инвестиция 75,2 миллиард теңгеге жеткенін айтты. Сонымен қатар былтыр облыста 768 мың гектар жерге егін егілсе, биыл егістік алқап 46 мың гектарға ұлғайған. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай да сөз болды. Жалпы 2 580 төсек-орын әзірленген. Медициналық құрал-жабдықтармен қамту тиісті дәрежеде жүргізіліп, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қалыптасқан.

Жоспар бойынша 582 мың азаматқа вакцина салу керек болса, бүгінде 100 мың адамға екпе егілген. Аймақта Президент тапсырмасына сәйкес өзге ұлт өкілдері тығыз шоғырланған 25 елді мекеннің этно картасы жасақталған. Мемлекет басшысына Қордай ауданындағы ахуал жөнінде баяндалды. Облыс әкімінің айтуынша, аудандағы жағдай тұрақты. Былтыр тұрғын үй, жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 35,1 миллиард теңге болатын 392 жоба іске асырылған. Барлық зардап шеккен нысандар мен тұрғын үйлер толығымен қалпына келтірілген. Гвардейск ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, тиісті қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыттың сынамалық қосылуы маусым айына белгіленген. Мемлекет басшысы облыстағы эпидемиялық ахуалды бақылауда ұстау, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА