USD
USD
USD

Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады

Ақпан айында ресейлік вакцина қолданысқа шыға бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды. 

Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қазақстандықтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін вакцина шығаратын зауыттың салынуын күтіп отырмыз. Бұл зауыт жылына вакцинаның 60 млн дозасын шығара алады. Вакцинациялауды өзімізде бар көлемде жүзеге асыра бастаймыз, ары қарайғы қажеттілікті аталған зауыт өндіріп береді деп ойлаймыз», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Ол ақпан айында ресейлік вакцинаның қолданысқа шығарыла бастайтындығын айтты. «Одан кейін кезең кезеңімен, ай сайын қазақстандық вакцинаны да қолданысқа шығара бастаймыз. Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады. Вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеміз деп ойлаймын», - дейді министр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян