USD
USD
USD

Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

 Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. А.Данилина америкалық Ингрид Нилмен бірге бастапқы кездесуін марокколық Ясмин Каббай – ресейлік Екатерина Казионовамен өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа созылған матчта олар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Данилина мен И.Нилдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынап көрген. Алайда іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдқа 5:7, 1:6 есебімен жол беріп, негізгі турнирге өте алмады. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик Женева ATP 250 жарысының алғашқы айналымында Польша өкілі Камил Майчрзактан жеңіліп қалды – 1:6, 7:6 (7:4), 3:6. А.Бублик осымен қатарынан төртінші ірі доданың алғашқы айналымынан аса алмай отыр.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы