USD
USD
USD

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ақтық мәресіне жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ақтық мәресіне жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге жартылай финалда мажарстандық Тимея Бабош – ресейлік Валерия Савиныхпен ойнады. Қазақстандық-ресейлік жұп үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 3:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Жұма күні Данилина мен Тихонова соңғы бәсекеде қытайлық Лу Цзя Цинь – жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салады. Қазақстандық теннисші үшін бұл – соңғы 10 күндегі екінші финал.

Ерлер арасындағы додаларда жұптық сында Андрей Голубев пен Григорий Ломакин жарыс жолынан шығып қалды. Голубев аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге Галле (Германия) ATP 500 турнирінің ширек финалында хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекке есе жіберді – 6:7 (3:7), 2:6.

Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге Франциядағы Блуа челленджер жарысының ширек финалында үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами – Дживан Недунчежиянге жол берді – 7:6 (7:3), 4:6, 5:10.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады