USD
USD
USD

Қазақстандық студентті өлтіргендер ұсталды

Қазақстанның Варшавадағы Елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауға алды.

Қазақстандық студентті өлтіргендер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын – осы елдің азаматтарын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды. Ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдіктінің аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан ресми ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірген. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдап жатыр.

«Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың сезімдері мен жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрліктірмеуді сұрайды», – деді министрліктен.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев