USD
USD
USD

Қазақстандық студенттер Ресейге уақытша кіргізілмейді

Ресейде оқып жүрген қазақстандық студенттер көрші елге уақытша кіре алмайды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді.

Қазақстандық студенттер Ресейге уақытша кіргізілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қазақстандықтардың, оның ішінде студенттердің Ресейге кіруі уақытша тоқтатылды.

«Елшілік студенттер мәселесін ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келесі аптада жауап алуымыз мүмкін, бұл туралы ресурстарымызда жедел хабарлаймыз. Жаңалықтарды қадағалап отырығыздар.

Туындаған ыңғайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз. Мұндай штаттан тыс жағдайлар пандемияға байланысты әлемнің көптеген елінде қалыптасты», – деп хабарлады елшіліктегілер.

Қазір оқып жатыр

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

Жол-көлік оқиғасы

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев