USD
USD
USD

Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады

Ресей Үкіметінің шешімімен Қазақстан азаматтарының бәріне, соның ішінде ішкі және орта оқу орындарында оқып жүргендерге Ресейге ұшақпен ғана кіруге рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігі.

Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлықтық шекара арқылы бұрынғы шектеулер, атап айтқанда Ресейге осы жолмен кіруге әлі де тыйым салынады. Ұшып келген студент көші-қон картасында өздігімен келу мақсатын «Оқу» деп көрсетуі керек. Осының негізінде оқу орны келу кезеңіне байланысты тіркеу құжатын жасайды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ресейге үшінші ел арқылы кіруге тек тұруға ықтиярхаты бар азаматтар кіре алатынын хабарлайды. Егер ҚР азаматы Ресейге Қазақстан арқылы емес, Түркия арқылы кіруді жөн деп шешсе, онда оның Түркияда тұруға ықтиярхаты болуы керек.

«Екі ел арасындағы әуе рейстерін Air Astana мен Аэрофлот компаниялары жасайды. Әуе билеттерінің бағасы мен ұшақтардың ұшу тәртібін әуе компанияларының сайтынан білуге болады. Ресейге келетін азаматтарда короноавирус бойынша ПТР-анықтама болуы (72 сағатқа жарамды) керек», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өрт: қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Оқиға орны

АТБ банкінен 3 миллиард рубль дивиденд. Назарбаев НЕГЕ инвестициясын қайтара бастады?

АТБ

Жезқазғанда 20 жыл бұрын болған атышулы кісі өлтіру ісіне күдікті Түркияда ұсталды

Витта Махмаханов

«Барселонадан» төрт гол жіберіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов