USD
USD
USD

Қазақстандық студенттер Нью-Йорк академиясынан кино өнерін игереді

Нью-Йорк кино өнері академиясы мен Алматы Менеджмент университеті білім беру бағдарламалары саласында ынтымақтастық орнатты, деп хабарлады Қаз Ақпарат.

Қазақстандық студенттер Нью-Йорк академиясынан кино өнерін  игереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дара» президенттік бастамалар қорының қолдауымен қол қойылған құжат Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бастауы болмақ. Келісімнің маңызды бөлігі - шығармашылық кәсіптер үшін білікті кадрларды дайындау және жасампаз индустрияны дамытудағы күш-жігерді біріктіру.

«Дара» Президенттік бастамалар қоры шығармашылық өндірісті қалыптастыруға және еліміздің дарынды жастарын қолдап, дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Қазақстан мен АҚШ оқу орындарының өзара әрекеттестігі инновациялық экономиканың, оның ішінде жасампаз экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын таланттарды даярлау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Рәсім Нью-Йорк академиясында өтті. Құжатқа «Дара» қорының өкілдері мен NYFA басшылығы қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты