USD
USD
USD

Қазақстандық студенттер халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттері электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

Қазақстандық студенттер халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Назарбаев Университетінің студенттерінен құралған топ химия және химиялық технология бойынша XI Бірімжанов атындағы халықаралық конгресс аясында ұйымдастырылған электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Олимпиадв 18 қараша күні Алматыда өтті. Оған Израиль, Франция, Ресей және Қазақстан командалары қатысты «Иондар» деп аталатын НУ тобының құрамында магистратура студенттері Әсел Серікқазиева, Еркежан Еркінбекова, Ақтілек Ахметова және PhD студенті Нұрбол Толғанбек болды.

«Біздің топ жарысқа бірнеше күн қалғанда құрылды, алғаш рет бірге жұмыс жасадық. Университетімізде және аккумуляторлар тобында олимпиадаға қажет барлық химиялық заттар мен құрал-жабдықтар болғандықтан, қиындық көрген жоқпыз және оны бағалаймыз», - деді Нұрбол Толғанбек.

Олимпиада барысында төрт сағаттық онлайн телекөпір өтті және сол уақыт аралығында студенттер электрохимия және материалтану бойынша үш тәжірибелік жұмысты шешіп, жақсы нәтиже көрсетті.

«Олимпиада есептерін шешудің ең қолайлы әдістерін жылдам таңдау керек болды, сондықтан негізгі міндет электрохимия және материалтану бойынша алған барлық білімдерімізді сұрыптау болды. Уақыт шектеулі болған кезде, бұл біршама кұрделі екен.. Дегенмен, жеңіске ұмтылған төрт адам тапсырмаларды тиімді ұйымдастырып, тарата алатынына көзіміз жетті», - деп бөлісті Ақтілек Ахметова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе