USD
USD
USD

Қазақстандық студент Канадада жерленді

 Канадада жол апатынан қаза тапқан қазақстандық студент Дамир Құсайынды жерледі, – деп хабарлайды CTV News арнасы. 

Қазақстандық студент Канадада жерленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқуын 2019 жылдың қыркүйегінде Торонтода бастаған Дамирдың анасы Гүлжан Бұхарова: «Ол өзі оқыды, өлең шығарып, ағылшын тілінде ән айтып, өзі орындайтын. Канадада оқуды армандады», – дейді. Ол колледжде робототехника факультетінде білім алды.  Қаза болған студенттің отбасы, достары және Centennial College қауымдастығының мүшелері сенбіде шетелдік студентті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.  Centennial тұрғын үй құрылысының бөлім директоры Мэтью Флеминг Дамирді жақсы танитынын және бірге талай уақыт өткізгенін айтты. «Оның көңілі ақ еді. Ол сезімтал, байқампаз адам еді. Досы көп болды. Дамирды қатты сағынатын боламын», – деді Флеминг. 

Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда кешкі уақытта студенттер қалашығының жанында Торонто қаласында болды. Жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соқтығысып, тротуарда тұрған үш адамды қағып кеткен. Қытай азаматы Вэй Цзе Чжу-Ли және Қазақстан азаматы Дамир Құсайын қаза тапты. Тағы бір қытайлық студент ауыр жарақат алды, оның өміріне қауіп жоқ. Олардың барлығы Centennial College-де оқыды.  Жүргізушіге тоғыз пункт бойынша айып тағылды. Соның ішінде – мас күйде көлік жүргізу де бар. 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң