USD
USD
USD

Қазақстандық спортшылар жаттығуға оралды

Қазақстандық спортшылар оқу-жаттығу жиындарына оралды.  Карантин жағдайдағы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Ұлттық Ұлттық Олимпиада комитетінің жедел штабы ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар жаттығуға оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҰОК-мен аккредиттелген мамандандырылған спорт базаларына Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 14 тамызындағы №47 қаулысына сәйкес жаттығу процестерін санитарлық-дезинфекциялық режимді толық сақтай отырып қана жүргізуге рұқсат етіледі.

"Оқу-жаттығу жиындарына қатысатындардың барлығын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз болып қала береді.  Жаттығу жиынын жалғастыру процесін барлық ҰОК қызметтері, федерациялар мен спорттық базалардың әкімшіліктері қауіпті азайту және ұлттық құрамалар үшін толыққанды дайындықты ұйымдастыру үшін пысықтады. Карантин режимінің ұзаққа созылуы спортшылардың формасына әсер еткені сөзсіз, сондықтан жаттықтырушылардың өздері де, спортшылар да оқу-жаттығу жиынының қайта басталуын тағатсыздана күтті. Жедел штаб спорт нысандарындағы санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды күшейтті және біз барлық тараптарға олардың кәсіби жұмысы мен түсіністік танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз бәріміз спорттың қайта оралғанын қаласақ та, ең бастысы спортшылар мен жаттықтырушыларың денсаулығына қауіп төндірмеуді басты мақсатымыз деп білеміз. Сондықтан, барлық талапты қатаң сақтаймыз», - дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

Жаттығу жиыны кезінде нысандардың дайындығы, талапқа сәйкестігі және олардың белгіленген нормаларды сақтауы жедел штабтың қатаң бақылауында болады. Спорт нысандарында барлық санитарлық норманың сақталуын қамтамасыз ету үшін үнемі тиісті тексерулер жүргізіледі. Тамыздың үшінші онкүндігінен бастап ауыр атлетика, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, садақ ату, шорт-трек, гандбол және көркем гимнастика құрамалары қазірдің өзінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан командалар қатарына қосылды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды