USD
USD
USD

Қазақстандық спортшылар Токио Паралимпиадасында ойынды аяқтады

Сонымен, Қазақстаннан барған спортшылар Токиода өткен Паралимпиадасында ойын көрсетуін тәмамдады.

Қазақстандық спортшылар Токио Паралимпиадасында ойынды аяқтады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Нышан алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңілді. Одан кейін жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалында марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізген болатын.

Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр. Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors