USD
USD
USD

Қазақстандық спортшылар IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Биыл 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұған дейін дүбірлі дода үш рет қатарынан Қырғыз елінде өткен болатын.

Қазақстандық спортшылар IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан спорттық делегация қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына жалпы 50-ге жуық спорт түрі енсе, оның 13-і жарыс ретінде өтеді. ҚР құрамасы 4 спорт түрінен жарысқа қатысады. Атап айтқанда, көкпар, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ атудан спортшылар бақ сынайды. Теңге ілу мен аударыспақ спортшылар көрсетілім көрсетеді», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы