USD
USD
USD

Қазақстандық спортшылар Астанада өтіп жатқан «Тоқта, вандал» акциясын қолдады

Астанада қала мүлкінің бүлінуіне жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр. Белгілі қазақстандық спортшылар бұл бастаманы қолдап, елорда тұрғындарына тиісті үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстандық спортшылар Астанада өтіп жатқан «Тоқта, вандал» акциясын қолдады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Панкратион мен джиу-джитсудан әлем, Еуразия және Азия чемпионы қазақстандық кәсіпқой жауынгер Василий Тахтай «Тоқта, вандал» бастамасын қолдауға және қаланың сұлу келбетін қорғауға шақырды.

«Көшедегі заттарды бүлдірудің орнына рингке шығып, нағыз қарсыласыңызбен жекпе-жек өткізіңіз», - деп ол қала тұрғындарын жаттығуға шақырды.

Бұл бастаманы тағы бір белгілі спортшы – ҚР стрит-воркаут командасының бас бапкері, әлем чемпионы Айтым Жақыпов қолдады. Ол да астаналықтарға үндеу жолдады.

«Бойындағы күшін қайда жіберерін білмей, айналасындағы заттарды бүлдіретін жастарды көреміз. Жаттығу алаңына барып, бойыңыздағы негативті энергияны шығарыңыз», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вандализммен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Елордада 2 тамыз күні қала мүлкінің, аула аумақтары мен қоғамдық орындардың бүлінуіне жол бермеу үшін «Тоқта, вандал» акциясы басталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты