USD
USD
USD

Қазақстандық спортшы сумо күресінен чемпион атанды

Балқаш ауданының тумасы Ерсін Балтағұл сумо күресінен чемпион атанды. Қазақ балуаны осылайша, хару башёда макүшита дивизионы бойынша 7:0 есебімен  үлкен спорттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Қазақстандық спортшы сумо күресінен чемпион атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал, жоғарғы дивизион бойынша Сэкивакэ Вакатакака чемпион атанды.

Сумошы Ерсін Балтағұл бұған дейін 2019 жылы  Жапонияда жастар арасында өткен додада сумо чемпионы атанған болатын. Ол Токиоға 18 жасында кеткен. Бала күнінде қазақ және жудо күресімен айналысқан. Спорттың бұл түріне келуіне  әйгілі Моңғол балуаны Асашери  Дагвадорж себепкер болған. Қазақ жігітінің ерекше дене бітіміне назары түсіп, Ерсіннің Жапонияда оқуына ықпал еткен.

Бүгінде қазақ балуаны Нихон университетінде үш бапкерден  тәлім алады. Ол оқуға барғанда салмағы 130 келі тартса, қазір 190 келіге дейін жеткен. Ерсіннің сумодағы лақап аты – Кинбозан, қазіргі дәрежесі – Ms34.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат