USD
USD
USD

Қазақстандық спортшы олимпиада патшайымы атанды

Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырды. Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакваның киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы олимпиада патшайымы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда Forbes шолушысы команданың формасын ең стильді киім үлгілері қатарына жатқызған болатын.

Жанкүйерлер мен көрермендер үшін ту ұстайтын спортшыларға арнайы тігілген киім тосынсый болғаны анық.

Токио ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты.

Олардың киім үлгілері Ұлттық олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай өнерінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.

 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы