USD
USD
USD

Қазақстандық спортшы Азия ойындарына арналған киімнің сапасына шағымданды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында маунтинбайктен Қазақстан құрамасының спортшысы Алина Саркулова өзінің спорттық формасының сапасына шағымданып, видео жариялады. 

Қазақстандық спортшы Азия ойындарына арналған киімнің сапасына шағымданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бізге берілген форма туралы не айта аламын? Кроссовкамыз жарамсыз. Мен оны екі-ақ рет кидім, екінші рет кигенде табаны ажырап кетті. Футболкамды қараңыз (футболкадағы тесікті көрсетті), тез жыртылып жатыр. Шалбарымыз да дәл сондай. Жіптері сетінеп, жыртылып кетті. Спорттық формамыз бір киюге ғана жарайды. Біздегі жағдай осындай", - деді Саркулова.

Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құрама спортшыларының киіміне байланысты мәлімдеме жасап, форманың қазақстандық өндірушілерден алынғанын хабарлады.

«Қолданыстағы қаулыға сәйкес, кез келген спорттық киім-кешек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуы керек. Ондай тәжірибе бар. Ұлттық құрамалар ірі жарыстарға киім-кешекті тек отандық өндірушілерден ғана сатып алады.Қазақстанда да осы тәжірибе бойынша спорттық форма отандық өндірушілерден сатып алынды. Дизайн, мата сапасы мәселелері федерация өкілдерімен талқыланды. Шешім алқа отырысында қабылданды. Спортшылардан комитетке шағым түскен жоқ, - делінген мәлімдемеде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс