USD
USD
USD

Қазақстандық шаңғышы Олимпиаданы 43-орынмен аяқтады

 Бейжің Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы шаңғы марафонының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Қазақстандық шаңғышы Олимпиаданы 43-орынмен аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған додада Қазақстан намысын Евгений Величко қорғаған болатын. Жарысқа 43-ші номерммен шыққан отандасымыз мәре сызығын да 43-ші болып кесіп өтті. Шаңғы марафонында бас жүлдені ресейлік Александр Большунов (1:11:32.7) жеңіп алды. Күміс медальға тағы бір ресейлік атлет Иван Якимушкин (+5.5) ие болса, үздік үштікті Норвегия өкілі Симен Хегстад Крюгер (+7.0) қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы шаңғы марафонының жарыс жолы қысқарғанын хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама