USD
USD
USD

Қазақстандық шахматшы сенсация жасады

Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әлем вице-чемпионы, АҚШ гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.

Қазақстандық шахматшы сенсация жасады
Фото: NEGE.kz

Ол Сочиде өтіп жатқан 2021 жылғы ФИДЕ әлем кубогында жеңіске жетті.

"Бүгінгі турдағы жеңіс құраманың көшбасшысына оңай болған жоқ, себебі ол қара түсте ойнады. Алайда табанды күрес барысында стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болды және Ринат қарсыласын жеңе алды. Кешегі турда қазақстандық гроссмейстер тең ойнады, осылайша 1.5:0.5 есебімен Ринат ФИДЕ әлем кубогының келесі кезеңіне өткен еді", - деді Қазақстан шахмат федерациясындағылар.

Федерация мәліметі бойынша, 2018 жылы Каруана үміткерлер турнирінің жеңімпазы атанып, қазіргі чемпион Магнус Карлсенмен әлем чемпионы атағы үшін ойнады.

Ринаттың келесі қарсыласы бүгін АҚШ-тан келген гроссмейстер Сэм Шенкленд пен Украинадан келген Александр Арещенко арасындағы матчте тай-брейк қорытындысы бойынша анықталады.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

су

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Танакөз Толқынқызы

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Александр Машкевич

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Маңғыстау