USD
USD
USD

Қазақстандық режиссердің сценарийі халықаралық байқауда үздік атанды

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова When East Meets West бірлесіп кино өндіру форумының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық режиссердің сценарийі халықаралық байқауда үздік атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқауда отандасымыз «Победителей видно на старте» жобасын таныстырды. Жаннат Алшанова толық метражды фильмінің сценарийі үшін Сербия кино орталығының атынан 5 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Қаңтардың аяғында өткен фестивалға 56 елден 387 өтініш түскен.

 Жаннат Алшанова, режиссер:

- Бұл туынды жүзу мектебіне түскен жас келіншектің өміріндегі өзгерістер туралы баяндайды. Мен осы сценарий бойынша фильмді Қазақстан аумағында түсіремін. Халықаралық байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді бұл сценарий бойынша фильм түсіру үшін қомақты қаражат керек.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт