USD
USD
USD

Қазақстандық режиссердің фильмі халықаралық байқауға жолдама алды

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мариям» фильмі Францияда өтіп жатқан кинофестивальдің ресми бағдарламасына іріктелді.

Қазақстандық режиссердің фильмі халықаралық байқауға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Халықаралық байқауға үздік деп таңдалған 84 туынды іріктелді. Олардың арасында қазақстандық «Мариям» фильмі де бар. Режиссер туындыны өз қаражатына 5 күнде түсірген.

Шарипа Оразбаева таспалаған тұңғыш толықметражды фильм өмірде болған оқиғаны арқау етеді. Картинаның сюжеттік желісінде жалғызбасты ананың өмірі баяндалады. Басты кейіпкер - Меруерт Саббусинова.  Күйеуі жұмысқа шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен соң жалғыз қалған ана төрт баласын қиындықпен өзі жетілдіруге мәжбүр болады.

«Осы фильмнен кейін енді мен қуанышпен айта аламын, еліміздің Президенті ерекше ықылас танытып, осы фильмге де, Меруертке де қолдау білдірді. Мен фильмнің ең басты жетістігі осы деп ойлаймын», - дейді режиссер.

Бұл картинаны түсіруге арқау болған оқиға көрермендердің көңілін босатып қана қоймай, Мемлекет басшымыздың да назарынан тыс қалған жоқ.

Айта кетейік, фестиваль жүлдегерлері алдағы уақытта  көп ұзамай белгілі болады. Алайда режиссер марапаттан гөрі бұл  фильм туындының басты кейіпкеріне көмек болғаны артық дейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан