USD
USD
USD

Қазақстандық полицейлер тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады

1 сәуірден бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін ала бастады. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтқан тапсырмасы іске асып отыр.

Қазақстандық полицейлер тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. 2020 жылдың 29 қазанында өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары қызметкерлерінің қаржылық жағдайын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен 30 пайызға саралай арттырып, сала өкілдеріне әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төлеу мәселесін жолға қоюды тапсырған болатын.

Берік Уәлидің мәіметі бойынша, тұрғын үй өтемақысына қатысты тапсырма биыл бірінші сәуірде толығымен орындалған.

«Биылғы 1 сәуірден бастап ІІО қызметкерлерлері Қоғаныс министрлігінің әскери қызметшілері сияқты тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы», – деп жазады Берік Уәли.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек