USD
USD
USD

Қазақстандық оқушылар Словенияда өткен Халықаралық математика олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт медальға ие болды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандық оқушылар Словенияда өткен Халықаралық математика олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олимпиада 2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында өтті. Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан төрт оқушысы қорғады. Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды:

– Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;

– Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;

– Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;

– Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.

Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасында 2017 жылдан бері қатысып келеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе