Қазақстандық оқушылар Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 6 медаль иеленді
Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты.
Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.
20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:
Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
– Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;
– Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;
– Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
– Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;
– Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері:
– Самат Максутов - PhD доктор, SDU University доценті;
– Асқар Мажикенов - Назарбаев Университет магистранты.