USD
USD
USD

Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 1 алтын, 2 қола алды

Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды.

Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 1 алтын, 2 қола алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Физика пәні бойынша өткен Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті.

Зияткерлік жарысқа әлемнің 23 елінен командалар қатысты. Еліміздің атынан білім сайысына Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінен 8 оқушы түсті. Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр.

Азия олимпиадасына қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында құттықтады. Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Дінмұхаммед Рахимжанов, Рауан Қалдыбаев, Антон Драганчук, Даниил Шатохин, Владимир Лим, Жалғас Сайлаубай.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық