USD
USD
USD

Қазақстандық мультсериалдар шетелде көрсетіледі

Қазақстандық мультсериалдар енді Америка құрлығында көрсетіледі. Бұл туралы «Балапан» арнасының директоры Мақпал Жұмабай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Қазақстандық мультсериалдар шетелде көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдағы уақытта «Balapan» арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Енді «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын «Olympusat» компаниясымен жасалды», – деді М. Жұмабай.

Сонымен қатар, ол «Balapan»-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктелгенін жеткізді.

«Енді «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады. Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды», – деп толықтырды ол.

Қазір оқып жатыр

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі