USD
USD
USD

Қазақстандық модельдің суреттері MAXIM журналында жарияланды

Қазақстандық модель және актриса Зарина Еваның суреттері Бельгия мен Францияда танымал MAXIM журналында жарияланды. 

Қазақстандық модельдің суреттері MAXIM журналында жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналмен бірге жұмыс істейтін танымал фотографтардың түсірілімі Лос-Анджелесте өтті. Танымал журналдың өкілдері қазақстандық модельге хабарласып, бірге жұмыс істеуді ұсынған. Фотосуреттер журнал беттеріне солай түсті.

Зарина қазіргі уақытта Нью-Йорк киноакадемиясында киноактриса мамандығында оқиды және модель болып жұмыс істейді. Ол Нью-Йорктегі сән апталығына қатысқан. Қазақстанда ол сән апталарында үздік модель атағын жеңіп алған. Сеулде өткен халықаралық World Beauty Queen сұлулық байқауында оған "Бірінші вице-мисс" атағы берілген.

"Мен үшін MAXIM бетіне шығып, танымал фотографтармен жұмыс істеу - үлкен мәртебе. Мен қазір Лос-Анджелестемін, New York Film Academy-де оқимын, оқуға уақытымның 80 пайызы кетеді, бірақ мен фотосессияға әрдайым уақыт табамын. Оқудан кейін, көбіне демалыс күндері. Өз жұмысымды жақсы көремін, кино әлемі мен сән индустриясын жақсы көремін. Оған қатты құмармын. Дүние жүзінде бәрі жақында өз қалпына келіп, пандемия дейінгі кезден де жақсы болады деп сенемін. Өзіңдегі мейірімділік пен сүйіспеншілік шуағын сақтау маңызды", - деді Зарина.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт