USD
USD
USD

Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты

  Лас-Вегас қаласында UFC 272 турнирінде қазақстандық Мария Агапова (10-3) мен украиналық Марина Мороз (11-3) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған турнирде өткен айқаста отандасымыз екінші раундта сабмишинмен жеңіліп қалды.  Айқастың бірінші раундының көп бөлігі украиналық спортшның басымдығымен өтті. Әсіресе Мороз партерде өте белсенлі болды. Бірінші кезеңнің өзінде Марина қылқындыру әдісін жасауға ниетті болған еді. Бірақ Агапова қарсыласқа бұл әдісті жасатпады.  Екінші раундта да украиналық бірден басымдықты өз қолына алды. Ол бірден тейкдаунмен бастады. Сөйтіп партерде қазақстандық спортшыға бірақ соққыларын дарыта білді. Ал раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Мороз қылқындыру әдісін сәтті іске асырды. Осы сәтте Агапова берілді.  Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіліс тапты.  30 жастағы Мороз болса бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде үш жеңіліс бар. Соңғы мәрте Марина осыдан екі жыл бұрын жеңіске жеткен болатын.  Айта кетейік, аталған турнирдің басты айқасында жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық файтерлер Колби Ковингтон (16-3) мен Хорхе Масвидаль (35-15) кездеседі. 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай