USD
USD
USD

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекеніндегі қираған үйлерді тексерді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекеніндегі қираған үйлерді тексерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наиброфи елді мекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу кезінде құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты.

Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан  Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді  бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ.

Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.

Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне және бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына бару үшін жолға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін кеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала