USD
USD
USD

Қазақстандық құтқарушы иттер Түркияда жұлдызға айналды

Түркиядан оралған құтқарушылардың атқарған жұмысының қорытындысы бойынша бүгін ОКҚ алаңында брифинг өтті. Оған апат алаңында болып келген кинолог маман, медицина қызметкерлері мен құтқару тобының өкілдері қатысты. Әсіресе 3 адамды тірі құтқарып қалуға көмектескен Мирта есімді ит журналистердің назарында болды.

Қазақстандық құтқарушы иттер Түркияда жұлдызға айналды
Фото: NEGE.kz

Брифинг барысында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ NEGE тілшісінің сауалдарына жауап берді.

– Қирандылардың астында қалған адамның өлі немесе тірі екенін білу кезінде құтқарушы иттер көп көмектесіпті. Қазақстаннан барған топта қанша құтқарушы ит болды?

– Иә, біздің қызметтік иттердің көмегі өте үлкен болды. Оларды Түркияның ақпарат құралдары да таспаға түсіріп, ризашылықтарын білдіріп жатты. Алты арнайы ит алып барғанбыз. Солардың дайындықтарының арқасында қаншама адамды тауып, қиранды астынан шығарып алдық. Жалғыз біздің ғана емес, қызметтік иттеріміз Түркияның құтқарушы топтарына да көмектесті.

– Біздің елде дәл осы сала бойынша мамандар жеткілікті ме? Олардың даярлық деңгейі қандай қазір?

– Әр облыста бір-бір жасақтан бар. Барлық жасақта шамамен 6-7 арнайы іздеу иттері бар.

– Туысқан түрік еліндегі апаттан кейін біз де етек-жеңді жинап, жан-жағымызға қарай бастадық. Әсіресе ең белсенді әрі қауіпті сейсмикалық аймақ Алматыға байланысты сұрақ көп. Сейсмология институтының айтуынша, Алматының оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағы жер сілкінісіне өте бейім екен. Егер осындай жағдай бола қалған жағдайда біздің Төтенше жағдайлар министрлігі қаншалықты деңгейде дайын? Қазір қандай жоспар құрып жатырсыздар?

– Еліміздегі сейсмикалық аймақтардың саны белгілі. Қауіпті аймаққа жалғыз Алматы ғана емес, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы да кіреді. Жамбыл мен Қызылорда облысы да бар. Солардың бірінде осындай сілкініс болса қандай жұмыстар істеу керектігі туралы жоспарлар бар. Екі жыл сайын біз арнайы оқу-жаттығуларын өткізіп тұрамыз. Биыл қыркүйекте Алматы қаласында дайындығымызды тексеру бойынша үлкен республикалық оқу-жаттығуын өткіземіз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза