USD
USD
USD

Қазақстандық қос теннисші Еуропадағы турнирді сәтті бастады

  Еліміздің бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик сәтті ойын бастады. 

Қазақстандық қос теннисші Еуропадағы турнирді сәтті бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемнің 21-ракеткасы Е.Рыбакина Хертогенбос (Нидерланды) WTA 250 жарысының алғашқы айналымында америкалық Джейми Лобпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Еленаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады. А.Бублик жекелей сында Штутгарт (Германия) ATP 250 додасында бастапқы кездесуін америкалық Денис Кудламен өткізді. Қазақстандық спортшы 7:6 (7:3), 7:5 есебімен ұтты. Ол 12 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Александр екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Марреймен күш сынасады. Биыл өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі