USD
USD
USD

Қазақстандық конькишілер әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен бастады

Италияның Базельга-ди-Пине қаласында конькимен жүгіруден жастар арасында әлем кубогі кезеңінің алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық конькишілер әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші күні нео-сеньор дивизионында (21 жасқа дейінгілер арасында) мың метрге жарыста Инесса Шумекова қола жүлдеге ие болды.

И.Шумекова қашықтықты 1:21.08 секундта жүгіріп өтіп, тағы бір ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященкодан озып кетті.

Мұнда Серена Пергер (Италия) алтыннан алқа тақса, Фрэн Ванхутт (Бельгия) күміс медальді жеңіп алды.

Ал жастар арасындағы командалық сында еліміздің əйелдер құрамасы күміс медальға қол жеткізді.

Əпкелі-сіңлілі Кристина жəне Алина Шумекова, Мария Деген үштігі тек Нидерланд спортшыларына жол берді.

Сосын нео-сеньор дивизионында Қазақстан əйелдер құрамасы 2-сатыдан көрінді. Мұнда жарыс жолына Маргарита Артемьева, Арина Ильященко мен Алена Лифатова шықты.

Бүгін конькимен жүгірушілер қалған қашықтықта (500 метр, 1500 метр мен масс-стартта) жүлдеге таласады.

Жалпы, алғашқы кезеңге 26 мемлекеттен 165 спортшы жиналды. Ең көп делегация Польша (15 спортшы) мен Оңтүстік Кореяда (14 спортшы). 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.