USD
USD
USD

Қазақстандық қонақ үйлердің үш айдағы табысы белгілі болды

Қазақстандық қонақ үйлердің биылғы үш айдағы табысы белгілі болды. 

Қазақстандық қонақ үйлердің үш айдағы табысы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылдың алғашқы 3 айында қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд-тан аса табыс тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған табыс мөлшері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
 
Сондай-ақ, қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтағаны белгілі болды.
 
Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақ үйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы – 203 мыңнан аса орын.

Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Қазір оқып жатыр

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.

Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Қосанов