USD
USD
USD

Қазақстандық қоғамдық көліктерде жыныстық харассментке қарсы акция басталды

Қазақстанның алты қаласында қоғамдық көлікте жыныстық азғындыққа қарсы іс-қимыл бойынша акция басталды. 

Қазақстандық қоғамдық көліктерде жыныстық харассментке қарсы акция басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Автобус салондарында қоғамдық көлікте жыныстық азғындыққа тап болғандар үшін іс-қимыл алгоритмі бар плакаттар орналастырылды.

"#Тиіспе акциясының мақсаты – бұл қоғамдық көліктегі харассментке қарсы тұру және қоғамда бұл құбылысқа жеккөрінушілікті қалыптастыру. Плакаттар Алматы, Шымкент, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларында 300-ден астам автобусқа жабыстырылған.

Қазақ және орыс тілдеріндегі плакаттарда қоғамдық көлікте харассментпен бетпе-бет келгендерге арналған нұсқаулық берілген. Жыныстық харассмент құрбандары постердегі QR арқылы өз оқиғасымен анонимді түрде бөлісе алады.

"Бұл акция – мәжбүрлі шара. Шымкентте № 52 маршрутта жолаушылардың бірі қыздарға қарап, өзін-өзі қанағаттандырған жағдайлар болды. Мұндай жағдайда қыздар не істерін білмей қалады. Сондықтан қоғамдық көлікте харрасмент кезінде қалай әрекет ету керегін түсіндіретін плакаттардың болғанын қалаймыз", – деді "Shymkent bus" ЖШС автопарк директорының орынбасары Әлфараби Әбдіраш.

Акцияны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен канадалық жергілікті бастамалар қорының (Cfli) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.

Орталық жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстандағы әйелдердің 21%-ы қоғамдық орындарда харассментке тап болған. Алайда, сарапшылардың айтуынша, шын мәнінде статистика бұдан да жоғары. Әртүрлі себептермен жыныстық харассмент құрбандары бұл туралы айтпай, жасырып қалады.

Ұйымның негізін қалаушы Игорь Братцев барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды акциямен қамтуды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды