USD
USD
USD

Қазақстандық клубтардың UEFA лигасындағы қарсыластары анықталды 

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды.

Қазақстандық клубтардың UEFA лигасындағы қарсыластары анықталды 
Фото: NEGE.kz


Нұр-Сұлтан, NEGE. Петропавлдың «Қызылжары» еурокубок ойындарын Хорватияның «Осиек» командасымен бастайды. Ал «Астана» аталған кезеңде Польшаның «Кишварда» клубымен шеберлік байқасады. Алматының «Қайраты» Венгрияның «Кишварда» клубымен ойнайды. Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 21 және 28 шілде күндеріне белгіленген. Қостанайлық клуб аталған турнирдің екінші іріктеу сатысына өткен жағдайда «Слован» (Словакия) және «Динамо Батуми» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Жеңілген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) және «Линкольн» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Сондай-ақ қостанайлық «Тобылдың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталған еді.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады